jasqazaq.kz

Ардагерлер Чернобыль құрбандарын еске алды

28 сәуiр 2023, 14:26

Жиналған көпшілік апат салдарынан қаза болған сарбаздардың құрметіне ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шымкент қаласында Чернобыль апатына 37 жыл толуына орай, Чернобыль ардагерлері одағының ұйымдастыруымен апат құрбандарын еске алу және ардагерлердің ерлігіне тағзым кеші өтті. Чернобыль құрбандары аллеясында өткен іс-шараға Чернобыль апатының, Ауған, Тәжік-Ауған, Таулы Қарабақ, «Семей сынақ», «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйымдарының ардагерлері қатысты.

Жиналған көпшілік апат салдарынан қаза болған сарбаздардың құрметіне ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиында сөз алған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов бұл күннің маңыздылығына тоқталып, белсенді ардагерлерді марапаттады.

Бүгінде шаһарда Шымкент қаласы ҚР Қарулы күштер ардагерлер қоғамдық коолициясының ұйымдастыруымен тұрғындарға қол ұшын беру және патриоттық іс-шаралар тұрақты өтіп тұрады. Атап айтатын болсақ, ұйым Қостанай облысындағы алапат өрт пен Мақтаралдағы су тасқыны кезінде тұрғындарға қол ұшын созып, белсенділік танытқан. Сондай-ақ, іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, қоғамдық бірлестіктер ардагерлерге сый-сияпат табыстады.

Чернобыль апатына биыл 37 жыл. Бұл- адамзат тарихындағы ең сұмдық техногендік апаттардың бірі. Сондай-ақ, дүниежүзі тарихындағы ең ірі жарылыстың бірі болды. Украинағы Чернобыль алапат апаттың зардабын жоюға бұрынғы Кеңес Республикаларынан 600 мыңға жуық адам жұмылдырылды. 1986 жылы Украинаның Чернобыль қаласында атом электр станциясы жарылып, оның зардабын жоюға Қазақстаннан 52 мыңнан астам әскерилер тартылған. Өкінішке орай, оның зардабын ардагерлеріміз әлі күнге тартып келеді. Бүгінгі таңда елімізде Чернобыль апатының зардаптарын жоюға атсалысқан 2500 ардагер ғана қалған. Ел амандығы үшін тәуекелге бел буып, жанын қиған сарбаздардың ерлігі жадымызда мәңгілік сақталады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі