jasqazaq.kz

Арал теңізін сақтау бағытындағы жұмыс жалғасады

18 қыркүйек 2024, 17:46


Астанада Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және бақылаушы ел ретінде қатысып отырған Қырғызстан делегацияларының қатысуымен Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының отырысы өтіп жатыр. Онда Қазақстанның 2024-2026 жылдары төрағалығы кезінде Халықаралық Аралды құтқару Қоры Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді.
Жоспар құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыруды, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіруді, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуді, ХАҚҚ атқару комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі ақпараттық, талдамалық және үгіт жұмыстарын, өңірлік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруды, өткізуді және оларға қатысуды қамтиды.
Сондай-ақ жоспарда екі ауқымды жобаны одан әрі іске асыру көзделген. Бұл Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, оның шеңберінде өңірде 35 жоба іске асырылуда және Орталық Азияда орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарлама. Бұдан бөлек, Қор Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясына және ХАҚҚ орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссияға белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті.
«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Президентіміз Халықаралық Аралды құтқару Қорының басшысы болып сайланды. Қордың төрағасы ретінде біздің елімізге үлкен жауапкершілік жүктелген және біз Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Біз бірлесіп Арал теңізін сақтау бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз»,– деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

JQ-Aqparat

Сурет: су ресурстары және ирригация министрлігі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде