jasqazaq.kz

Арабтар Бетпақдаладан қырғауыл әкетпекші болған

23 қыркүйек 2016, 23:58

20160923184731

Мойынқұмда браконьерлікпен ұсталып қамалған арабтар прокуратура тарапынан босатылды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Бетпақдала құмды жерінде аудандық ІІБ және прокуратураның табиғат қорғау қызметкерлері рейд барысында «Ниссан Патрол» көлігіндегі екі А. және Ф. 40 жастағы Сауд Арабиясының азаматтарын ұстады. Олардан бір ұңғылы мылтық және 70 оқ, атып алынған 6 қарабауыр бұлдырық және бір дуадақ табылды. Аталған құстың барлығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

«Жауап алу барысында күдіктілер өздері қырғауылдарды аулау үшін келгенін оны еліндегі құстармен будандастырмақ ойлары болғанын жеткізді. Алайда қарабауыр бұлдырық пен дуадақты көріп атып алған», — деп атап өтті Жамбыл облыстық ІІД баспасөқз қызметі.
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Екі күдікті Қазақстан Республикасының ҚІК-нің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау абақтысына қамалуға алынып, жауап алынғаннан кейін прокуратура тарапынан босатылды. Сот алды тергеуі жүргізілуде.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде