jasqazaq.kz

Қарақшылар зейнеткерді үтікпен қинап, ақша талап еткен

17 қараша 2016, 12:05

photo_31603

Алматы полициясы Алатау ауданында тұратын зейнеткер әжейдің үйіне жасалған қарақшылық шабуылды тергеп жатыр, — деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz хабарлағандай, жергілікті тұрғындардың сөзінше, бірнеше апта бұрын түнде төрт ер адам зейнеткердің үйіне басып кірген. Олар егде адамды байлап қойып, ақша талап еткен. Оқиға салдарынан 68 жастағы кейуана ауруханада жатыр. Қаскөйлердің оны үтікпен қинағаны белгілі болды.

Қарақшылар екі жүз мың теңге мен алтын бұйымдарды қолды еткен көрінеді.

Алматы ІІД өкілдері қарақшылықтың болғанын растады. «15 қарашада бұл дерек Алатау ауданының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 192-бабының 2 тармағы «Қарақшылық» бойынша тіркелді. Жедел топ құрылып, қылмыстың бетін ашу бойынша шаралар жүріп жатыр», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Істің басқа мән-жайы айтылмады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде