jasqazaq.kz

Қарағандыда үсіп қайтыс болған екі жасар бүлдіршінді ата-анасы өртеп жіберген

27 желтоқсан 2016, 3:24

Қарағандыда 2 жасар қыздарын алдымен иен далаға тастап, кейін үсіп қайтыс болған соң пешке өртеп жіберген ата-ана тергеуге алынды. 10 ай бұрын жасалған қылмыстың беті енді ғана ашылды. Осынша уақыт ішінде бүлдіршіннің жоқ екеніне байқамаған ақ халаттылар мен кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін мекеме қызметкерлері де жауапқа тартылуы мүмкін.

Жантүршігерлік оқиға биыл қаңтар айында болған. Алайда, қылмыстың беті осыдан екі апта бұрын ғана ашыла бастапты. Сұмдық жайтты бірінші болып, жергілікті тұрғын Галина әжей білген. Галина Грущенко, Қарағанды қаласының тұрғыны: Былтырғы ақпан айынан бері қызды көрмей кеттім. Қайда деп сұраған кезде анда-мында, кейде туған әкесінде деп сылтаурататын. Шындығында, осылай болып шықты. Мүмкін, күйеуінен қорыққан шығар. Өйткені күйеуі оны үнемі ұрып-соғатын. Алғашқы күйеуінен туған екі баласын да сабайтын. Әжей іштей күдіктенген соң, полицияға шағымданғанын айтады. Облыстық прокуратураның дерегінше, күдіктілер далада қалған балғынды ертеңінде іздеп шыққан.

Аstanatv.kz.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде