jasqazaq.kz

Қарағандыда ХҚКО қызметкері 8 млн теңгені иеленіп кеткен

12 мамыр 2017, 12:12

Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы қарағандылықтарға төмен бағада пәтер алуға көмектесетінін айтып, 8 миллион теңгені иеленіп кеткен.

Тұрғындар ХҚКО қызметкерінің жауапкершіліктен қашып, ақшаны иемденіп кету үшін қасақана уақытты созып жүргенін түсінген кезде, полицияға шағым түсіреді. Құқық қорғау органдары оған алаяқтық жасады деген айып тақты. «Сот Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторын алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп таныды. ХҚКО қызметкері өзінің кінәсін жартылай мойындады, бірақ зардап шегушілерге келтірілген залалды өтеген жоқ», — деп хабарлады Қарағанды қаласы №2 Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі. Сот ХҚКО қызметкеріне екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушының кәмелетке толмаған балалары қызметкер келіншектің күйеуінің қамқорлығына беріледі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде