jasqazaq.kz

Қарағандыда Головкинге алтыннан мүсін қойылуы мүмкін (фото)

09 қыркүйек 2016, 13:22

pogudx6942mtqem9t-4a10a1a4

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге туған жері – Қарағанды облысының Майқұдық ауданында алтыннан мүсін орнатылуы мүмкін. Қазір мүсіншілер жобаны әзірлеп жатыр, – деп хабарлайды BNews.kz

Мүсінші Гамал Сагиденовтің айтуынша, қазір ол жобаны жан-жақты талқылап жатыр. Геннадийдің мүсінін жасау – оның жанкүйерлерінің идеясы екен. Қарағандының бұл ауданында спортшының достары көп болғандықтан, олар «алтын» мүсін жасау идеясын ұсынған.

Қазір екібастұздық мүсінші мүсіннің макетін жасап жатыр. Әзірге ол «боксшының басын» ермексазбен ғана дайындап қойды. Мүсіннің өзі адам бойынан бір жарым есе биік болады және алтын жалатылған бояумен боялады. Сондай-ақ спортшының жанкүйерлері тапсырыстың ақшасын төлеуге қаражат жинап жатыр.

«Мен, қалайда, бұл жұмысты аяғына дейін жеткіземін. Әдемі мүсін жасап, оған граниттен тұғыр қойып, жан-жағын абаттандырғым келеді. Мүсінді жасауға көп уақыт кетпейді. Бір ай ішінде аяқтай аламын. Бастысы, барлығын келісіп алу керек, яғни, қоятын орнын, құжаттарын келісу т.б. жұмыстарды реттеу керек», –  дейді Гамал Сагиденов.

Қазір жанкүйерлер құжаттарын ресімдеп, мүсіннің қойылатын орнын келісіп жатыр. Егер идея қолдау тауып, жергілікті билік органдары бекітсе, онда мүсін «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінің алдындағы алаңға қойылады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде