
23 қазан күні жігіт жанарай бекеті маңына келіп, күзетшіден кассир екеуін жалғыз қалдыруды өтінген. Күзетшіге кассир қыздан кешірім сұрағысы келетінін айтқан. Бұдан кейін күзетші алаяқтың бұл сөздеріне сеніп, жұмыс орнын тастап шығып кетеді.
Бұл туралы “Криминалды жаңалықтар” басылымы хабарлайды.
Алаяқ бірнеше минуттың ішінде-ақ кассадағы барлық ақшаны алып қойды. Видеодан кассир бойжеткеннің 100 мың теңгені өз қолымен табыстағаны көруге болады. Алайда аталған оқиға бойжеткеннің еміс-еміс қана есінде. Сол себепті, ол алаяқтың сырт келбетін толық суреттеп бере алмаған. Мамандардың айтуынша, видеодағы жігіт шамамен 30-35 жаста. Оған қатысты “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.