jasqazaq.kz

Арқалықта болған өрттің себебі анықталды

10 қазан 2016, 9:52

Екі сәбидің өліміне себепші болған Қостанай облысы Арқалық қаласындағы өрттің техникалық себептері анықталды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

«Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің сынақ өрт зертханасының қорытындысына сәйкес, өрттің техникалық себебі токқа қосулы қалған су қайнатқыштың қатты қызуы салдарынан, тұрмыстық заттарға жылу энергиясының тарауы болған.

20161010083039

Дегенмен, бұған дейін айтып өткенімдей, балардың өліміне алып келген басты себеп — олардың үлкендердің қарауынсыз қалуы. Ата-аналарға күнделікті алдын алу жұмыстарын өткізіп, балаларға өрт кезінде әрекет ету ережелерін үйрету қажеттігін тағы бір еске салғым келеді», — деп атап өтті Руслан Иманқұлов.

Еске салайық, 8 қазан күні сағат 16:15-те Арқалық қаласының № 2 мамандандырылған жасағына Маясов көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғынынан бесінші қабатта орналасқан көрші пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 16:17-де оқиға орнына жеткен құтқарушылар темір есікті арнайы құралмен ашып, пәтерге енген. Анықталғандай, 2 шаршы метр аумақта төсек-орын жабдықтары жанып жатты.

20161010083032

Өрт сөндірушілер түтін басқан пәтерден 2011 және 2012 жылдары туған екі баланы алып шығып, жедел-жәрдем қызметі бригадасына тапсырды. Дегенмен, балалар ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Тұрғын үйден 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 2008 жылы туған жеткіншек автосатының көмегімен құтқарылды. Тілсіз жау сағат 16:40-та ауыздықталды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде