jasqazaq.kz

Арқадағы «сақалды» құрылыстар немесе 200 млн теңге

28 қазан 2016, 23:47

snimok

Қарағандының Шахтинск қаласында 200 миллион теңге ақша бөлінген тұрғын үйлердің құрылысы бес жылдан бері аяқталмай келеді. Халық қаңырап бос тұрған ғимараттарды сүріп тастауды талап етіп отыр. Өйткені, қаңғыбастар көп жүретін нысандар өмірімізге қауіпті дейді.

Халықтың наразылығын тудырып отырған мына нысандар. Екі қабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2011 жылы басталған. Тендер ұтып, мемлекеттің ақшасын да алған мердігергер компания жұмыстарды бір жыл ішінде бітіруі керек болған. Бірақ тұрғындар бұл маңайда ауыр техника түгілі, құрылысшылардың төбе көрсетпегеніне біраз уақыт болғанын айтады. Халық «қаңыраған ғимараттар өмірімізге қауіп төндіріп тұр», — деп ашулы.

ЕЛЕНА ЮГАЙ, Шахтинск қаласының тұрғыны:

— Екі рет өрт болды бұл ғимаратта. Балаларымыз осы жерде ойнайды. Қорқамыз. Өте қауіпті.

СВЕТЛАНА СВЕТКОВА, Шахтинск қаласының тұрғыны:

— Бұл құрылыс үшін жолымыз жарамсыз болды. Кезінде жұмыстар жүріп жатқанда жүк көліктер тура ауламыздан өтетін. Енді қазір оны жөндеймін деген ешкім жоқ.

МЕЙРАМГҮЛ САЛҚЫМБАЕВА, Тілші:

— Бюджеттен бақандай 200 миллион теңге бөлінген бұл төрт екі қабатты тұрғын үй көшіру бағдарламасына іліккен 48 отбасына берілуі тиіс болған. Тіпті пәтерлердің есік — терезесіне дейін салынған. Бірақ осыдан бес жыл бұрын құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Әуелі жұмысшыларына жалақы төлей алмаған компания ақыры құлдырауға ұшыраған екен.

Мердігер компанияның банкротқа ұшырағанын әкімдіктегілер де мойындап отыр. Шенеуніктер жұмыстарына салғырт қараған құрылыс компаниясымен қазір соттасып жатқандарын айтады. Ал құрылысы тұралап қалған тұрғын үйлерді қазір арнайы комиссия зерттеп жатыр, — дейді

СЕРЖАН АЙМАҚОВ, Шахтинск қаласының әкімі:

— Егер оны қайтадан қалпына келтіруге мүмкіншілік жоқ десе, онда біз таза бұзып тастаймыз. Ал енді оның мүмкіншілігі бар, оған тиісті қаражат тауып қалғанын қайтадан қалпына келтіруге болады десе, мүмкін басқа қаражат тауып басқаша іске қосамыз.

Қараусыз қалған тұрғын үйлерді комиссия мүшелері бір ай бойы зерттемек. Ал жұмыстар тексерістің қорытындысына қарай тек келесі жылы ғана басталады дейді.

31.kz

30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды