jasqazaq.kz

Қапшағайдағы әскери бөлімде сарбаз көз жұмды

29 қыркүйек 2016, 1:12

20160928202806

Қапшағай әскери бөлімінің сарбазы өзінің тікелей жауапты командирімен сөзге келіп, мерт болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға 28 қыркүйек күні болған.

«Казармалық ғимараттағы шаруашылық жұмыстар кезінде мерзімді қызмет сарбазы Н.Оразғалиев пен оқу бітіріп, Қарулы күштерге келісімшартпен келген кіші сержант Ж.Рамадин арасында кикілжің пайда болған. Мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Н.Оразғалиев бөлім командирі — келісімшартпен келген кіші сержант Ж.Рамадиннің бұйрығын орындаудан бас тартқан. Сол себепті Ж.Рамадин Н.Оразғалиевтың бетінен ұрған. Әскери қызметкер есін жоғалтып, Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді және сонда көз жұмды», — делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факт бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде