jasqazaq.kz

Апаттың алдын алуға ұмтылу қажет

13 маусым 2023, 11:54

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Семей орманы резерватындағы өртке байланысты Экология мен Төтенше жағдайлар министрліктеріне бірқатар тапсырма жүктеді.

«Мен бұған дейін өрт кеңінен тарамай тұрып, басталған сәтте, оны сөндіру үшін шұғыл әрекет ету керектігін ескерткен болатынмен. Өрттің таралуына жол бермеу үшін техника мен адамдарды көбірек жіберу керек еді. Далада немесе орманда өрт шыққан бірінші күні алғашқы сағаттарда тиісті қадамдарды қабылдау өте маңызды. Мұндайда жағдайды дұрыс бағалап, кез келген апаттың алдын алуға барлық күш-жігерді жұмсау керек. Сонда ғана шығын азайып, адам өлімі мен ауқымды апаттан аман қалуға болады. Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге табиғи өрттерге қарсы әрекет ету алгоритмін қайта қарауы қажет. Ең бастысы, жалынды толықтай ауыздықтап, өшіру керек. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалуы тиіс», — деді Үкімет басшысы. Ә.Смайылов алдағы уақытта қос министрлік тізе қосып елдегі ұлттық парктер мен орман шарушылықтарын тілсіз жауды ерте анықтау және мониторинг жүйелерімен жарақтандыру жөнінде іс-шаралар қабылдауы керектігін тапсырды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі