jasqazaq.kz

Антониу Гуттериш Халықаралық волонтерлер форумына сәлемін жолдады

21 маусым 2023, 12:37
Фото: news.un.org

Фото: news.un.org

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Астанада өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына сәлемін жолдады.

«Халықаралық волонтерлер форумына өз сәлемімді жолдауға және Қазақстанға волонтерлікті ілгерілетуге, озық тәжірибемен бөлісуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігі үшін өз алғысымды білдіруге қуаныштымын», — деді ол.

Бас хатшы волонтерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылықтарын бейнелейтінін, Бас Ассамблея растағандай, волонтерлік 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуде және ешкімнің артта қалмауын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

«Адамзат күрделі және өзара байланысты сын-қатерлерге тап болған жағдайда еріктілердің адалдығы мен берілгендігі бұрынғыдан да қажет. Еріктілер гуманитарлық көмек көрсету, бейбітшілік пен теңдікті жақтау, планетамызды қорғау үшін қызмет ету арқылы және әртүрлі басқа тәсілдермен сансыз адамдардың өмірлері мен қауымдастықтарға нақты өзгерістер әкеледі, — деді Антониу Гуттериш.

Сондай-ақ ол өз уақыты мен күш-жігерін мұқтаж жандарға көмектесуге арнайтын дүние жүзіндегі миллиондаған адамдарға шын жүректен алғыс айтып, барлық үкіметтерді волонтерлікті қоғамдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтудің және әлеуметтік келісімді құрудың маңызды құралы ретінде қолдауға және тануға шақырды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі