jasqazaq.kz

«Әншілердің құтырған заманы»: Бейбіт Қорған көп қателік жібергенін мойындады

19 мамыр 2023, 14:44

Отандық әнші Бейбіт Қорған отандық бағдарламада отбасына байланысты жан сырын ақтарды. Бағдарлама барысында әнші жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жіберген қателіктерінің көп екенін айтты. Бағдарлама барысында әншінің жас кезіндегі видеосы көрсетілді. Видеода Бейбіт Қорған «Мен Киркоров сияқты қазақ эстрадасының әртісі болғым келеді. Қазақтың «Алла Пугачевасын тауып аламын» дейді. Осы көрсетілімнен кейін бағдарлама жүргізуші Бейбіт Қорғаннан: «Пугачеваңды таптың ба», — деп сұрады. Ал әнші бүгінде жанында бала-шағасының анасы бар екенін атап өтті. «Бала-шағамның анасы бар. Кезінде өзімнің жіберіп қойған қателігім көп. Еркелеп, есімізді енді жиып жатырмын. Достарымның көбісі айтқандай, «Әйелдердің құтырған заманы» деген сияқты. Біздің, әншілердің жалпы өнердегі адамдардың құтырған заманы. Тәубеге келіп тұру керек. Адам қай салада жүрсе де, ол бойындағы тәкәппарлықты жойса ғана, тәубасына келеді. Ең бірінші қарапайым болу керек. Үлкендердің батасын алып, тура жолдан таймау керек. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз», — деді Бейбіт Қорған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі