jasqazaq.kz

Әнші Сара Амангелді: Бір ұлттың ұл-қызы біріне -бірі жау

15 мамыр 2023, 14:39

Отандық әнші Сара Амангелді қазіргі жігіттердің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі инстаграм желісінде өз ойымен бөлісті.
«Ғаламтор кеңістігін ақтарып отырып, қыз баланың жігіттерге өкпелеп жазған жазбасын көріп қалдым. Ашуына тиген жағдай болған шығар енді. Жігіттердің ұсақталып, ақылсыз боп бара жатқанын жазыпты. Пікірге жігіттердің жарысып жазғаны-аай… Ақталу деп атасақ бола ма мұны? Жә, қойшы. «Өздеріңе қарап алыңдар, бұрынғының қыздарының тырнағына да татымайсыңдар» депті бір жігіт.

Менің қатты ашынғаным — бір ұлттың ұл-қызы біріне-бірі жау болып, бірін-бірі балағаттап отырғаны. Шындығында, екі жақтан да кінә бар. Оны мойындап жазып отырғандар да бар екен әйтеуір…

Құрметтілерім, біріңе бірің бұлай шабуылдағаннан не өзгереді деп ойлайсыңдар? Дұрысы, әркім өзіне жауап беріп, өз қатесімен жұмыс жасасын. Қыздар өткен замандағыдай бола алмайтыны сияқты, жігіттер де алпамсадай батырларымыздың ізінен тайқып кеткен. Жоққа шығара алмайсың мұны да. Олай өзгелердің көзінше өзіміздің абыройымызды төккенше, үнсіз ғана сынды қабылдап, олқылықтарды түзеп, ұлтымыздың намысын асқақтатайық», — деді Сара Амангелді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Sarkontai (@amangeldieva_sara)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі