jasqazaq.kz

Әнші Мұқасан Шахзадаев алғашқы ғашығы туралы айтты

19 маусым 2023, 14:54


Әнші Мұқасан Шахзадаев отандық бағдарламаның біріне сұхбат беріп, қолы жетпеген ару жайлы айтып жан сырын ақтарды.
«Менің өмірде өкінген сәтім бар. 1989 жылы Тараз қаласында училищеде оқыдым. Сонда әпкем менен ертерек оқуға түсті ғой. Әпкемнің Сажида деген құрбысы болатын. Мен училищеге түскенде екеуі ақылдасып, Сәжиданың құрбысы Бағиламен таныстырды. Мен ол қызды шын мәнінде жақсы көрдім. Ол да жақсы көрді. Өкінішке қарай, бір жыл ғана оқып, мен Шымкентке оқуға кетіп қалдым. Бағила сол Таразда қалды. Шындығы, Бағила мен Сәжида әке-шешеден ерте айырылған. Сөйтіп бұларды әкесі мен шешесінің туыстары бөліп-бөліп асырап алған», — деді Мұқасан Шахзадаев. Сонымен қатар әнші Бағиланы асырап алған ата-анасының туыстары баласына айттырады. «Мен Шымкенттен келдім. Екеуіміз кездестік. Сол кезде ол қыз мені қанша жақсы көріп тұрса да, айта алмай тұр. Айтқысы келмейді, бірақ оны маған айтуы керек. Сол асырап алған кісілер айттырған туысының баласына береді. Сол кезде жүрегінің тазалығы шығар, маған жылап тұрып «Мұқасан, кешір! Мен сені жақсы көремін. Бірақ мен әке-шешеден ерте айырылып, жетім қалған кезде бағып-қағып, өсірген кісілердің сөзін жерге тастай алмаймын. Мен амал жоқ, басқа жанға тұрмысқа шығамын», — деді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі