jasqazaq.kz

Әнші Ayree: Қателеспейтін адам жоқ

25 қыркүйек 2023, 11:04

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық әнші, көпшілікке Ayree лақап есімімен танымал Әйгерім Рақышева 18 жасында тұрмысқа шығып, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын баяндап берген болатын. Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында бұрынғы күйеуінің баладан бас тарту туралы құжатқа қол қойғанын баяндап берді.

Ayree бағдарлама барысында қиын сәтте күйзелістен ата-анасының қолдауы алып шыққанын айтқан болатын. Сонымен қатар әнші емге ақша қажет болғаны үшін жұмыс істегенін де баяндады. Ал Бағдарлама жүргізушісі әншіден «Баланың әкесі көмектеспеді ме?», — деп сұрады. Ayree өзі шешім қабылдап, барлық көмектен бас тартқанын жеткізді.

«Мен өзім сондай шешім қабылдадым. Меніңше, көмектесу ол — баланың жанында болу керексің. Жауапкершілік болу керек. Ал енді басқа жерде жүріп, тек алимент төлесең, білмеймін… Бәрінен бас тарттым. Бірақ өзімнің бір талабым болды. Яғни, «Баладан бас тарту» туралы өтініш жазды. Мен солай айттым. Барлығы заң бойынша, сот болды. Сол сот шешімі бойынша, бәрінен бас тартып, өз қолыма алып, кеттім», — деді әнші Ayree. Сонымен қатар әнші бұрынғы күйеуінің жақсы адам екенін де атап өтті. «Әлімханның әкесі негізі жақсы адам. Ол да сынақтан өтті. Оған сенемін. Жалпы араласпаймыз, оның отбасы бар. Оның ата-анасы да жақсы адамдар. Бірақ солай болып қалды. Бұл — тағдыр. Қателеспейтін адам жоқ. Ол өте жақсы адам. Ол өз қателігін біледі. Мен де өз қателігімді жақсы білемін. Осындай бала үшін оған алғысымды білдіремін», — деді әнші Ayree.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі