
Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Универсиадада екінші медальді алды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Шевченко бес шақырым қашықтықтыққа жарыстан қола жүлдегер атанды. Ал алтын медальді ресейлік Анна Нечаевская алса, күміс медальді ресейлік Лилия Васильева алды.
Еске салайық, кеше Анна Шевченко 5 шақырым қашықтықта қола медаль алған болатын. Бұл қашықтыққа жүгіруден ресейлік Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткішімен алтын медальді еншілесе, тағы бір ресейлік спортшы Анна Нечаевская күміс медальды алды.