jasqazaq.kz

«Қанішер ана» баласын жеп қоя жаздады

17 ақпан 2017, 14:18

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 24 жастағы келіншек перзентханада өз баласын жеп қоя жаздады.

Baq.kz хабарлағандай, дәлізде жүрген медбике баланың шыңғырып жылаған дауысын естиді. Бөлмеге келген қызметкер әйелдің баласының қолынан тістеп, айырылмастай қасарысып алғанын көреді. Көмекке келген медбикелер баланың қолынан әйелдің қарысқан ауызын укол салғаннан кейін ғана зорға ажыратып алған, деп жазуда шетелдік басылымдар.

Баланың қолы қатты тістелгені соншалық, дәрігерлер нәрестенің сорғалаған қанын зорға тоқтатқан. Енесі «қанішер әйелді» есі ауысқан деп үйінен қуып шыққан көрінеді. Ол босанардан бұрын ауруханаға жүдеп-жадап далада жүрген жерінен келген.

Куәгерлердің айтуынша, «адам жегіш» әйелдің есі ауысқан болуы мүмкін. Жергілікті құқық қорғаушылар осы факті бойынша тексеріс жүргізуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде