jasqazaq.kz

Ангола жауынгері көз жұмды

02 тамыз 2016, 11:38

 

20160727160100

 

Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, Әскери халықаралық ойындар — 2016 қатысушысы, Ангола қарулы күштерінің әскери қызметкері, қатардағы жауынгер Францишко Джордж көз жұмды. Оны Мәскеудегі Ангола әскери атташесінің аппараты растады

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірнеше күн бұрын ол жаттығу кезінде ауыр жарақат алған еді. Халықаралық әскери ойындарға дайындықта, жаттығу атуларын өткізу барысында Ангола командасында миномет атылған. Команданың қауіпсіздік шараларын бұзуынан және минометті екі рет оқтағандықтан снаряд жарылған.

Оқиға болған күні Отар әскери госпиталіне жедел түрде Алматылық хирургтер жеткізілді. Ресей Федерациясынан мамандар бригадасы да келді. Әскери қызметкерге ота жасалды. Әскери дәрігерлер оның өмірін сақтауға тырысты, алайда ауыр жарақат өлімге әкеп соқтырды.

 

ҚазАқпарат

 

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде