jasqazaq.kz

Анель Пимичева: Қазақ тілінің өрісін кеңейтуде ҚХА-ның рөлі орасан зор

26 ақпан 2025, 16:31

Ұйымның жас белсенділері биыл құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы ассамблеясы осынау мерейлі датаға ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен жетіп отырғанын айтады.

Ассамблеяның қазіргі қоғамдағы рөлі туралы BAQ.KZ тілшісі осы бірегей институттың мүшелерімен сұхбаттасқан болатын. ҚХА жанындағы Жас ғалымдар клубының тең төрағасы Анель Пимичеваның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан халқы ассамблеясы елімізді мекен ететін түрлі этнос өкілдері бірлестіктерінің басы қосылған орта ғана емес, мәдениет, ғылым, білім мен өзара ынтымақтастықтың ордасына айналып үлгерген.

Бізде жас ғалымдар клубы құрылды. Бұл клуб құрылғалы бері біраз жұмысты атқарып үлгердік. Этномәдени бірлестіктердің жұмысы, әр этностың мәдениеті, олардың бірегейлігі, ерекшеліктері туралы зерттеулер жүргіздік. Бұл зерттеулер этносаралық татулықты нығайтуымен қатар жас ғалымдарға этномәдениет, этносаясат бағытында көптеген пайдалы ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді, — дейді ол.

Анель орыс ұлтының өкілі, Қостанай қаласының тумасы. Бірақ, ол өзің «қазақтың орыс қызымын» деп таныстырады. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген ол бүгінде қоғамдық жұмыстармен қатар қазақ тарихын зерттеумен айналысады екен.

Менің ең басты бағытым – қазақ тілінінің өрісін кеңейтуге күш салу. Бұл бағыт бойынша бізде бірнеше жоба бар, ол медиа саласы, балаларды оқыту, белгілі тұлғалардың көмегімен мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Біздің клуб Қазақстанның киберспорт федерациясымен бірлескен жобаны қолға алды. Мамыр айында елімізде киберспорттан халықаралық жарыс өтпекші. Біз осы маңызды шарада қызмет көрсететін комментаторларды оқытып жатырмыз. Ондағы мақсат – дүниежүзіне қазақ тілінің қандай бай екенін таныту, – дейді Анель.

Анель еліміздегі өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйренемін дейтіндер санын арттыру үшін интернеттегі қазақша контентті көбейту керектігін алға тартып отыр.

Айтуынша, YouTube-те, әлеуметтік желілерде қазақша бейнежазбаларды көптеп шығару қажет. Қазіргі таңдағы мультфильмдер мен кинолардың қазақша дубляж жасалуы да Анельді қуантып отыр. Жас ғалым ендігі кезек қазір қатты дамып келе жатқан интернет – стримдерде дейді.

Ол алдағы уақытта қатарластарымен бірге қазақ тіліндегі сапалы контентті тікелей эфирде таратын қызметтердің санын арттыруға көңіл бөлмекші.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі