jasqazaq.kz

Анджелина Джоли алты баласын жалғыз тәрбиелейді

01 қазан 2016, 11:18

jolie11062014-5

Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли алты баласын жалғыз өзі тәрбиелейтін болды. Ал жұбайы Брэд Питт балаларын тек психологпен бірге көре алады, деп хабарлайды TMZ басылымы.

 Ерлі-зайыптылар осылайша уақытша мәмілеге келген. Джоли мен Питт арасындағы келісім сот шешімі шыққанға дейін, яғни алдағы үш апта бойы күшінде болады.

Брэд Питт Мэддокс, Пакс, Захар, Шайло, Вивьен мен Нокса есімді балаларын тек дәрігермен бірге көре алады.

Естеріңізге салып өтсек, 20 қыркүйекте Джоли алты баласының қауіпсіздігін ойлап, ажырасу туралы арыз берді. Актриса Питке балаларды жалғыз өзі өсіретінін айтып, оған құқық беруін талап етті. Бірақ анда-санда көрісіп тұруына қарсы емес. Ал Бред те өз құқығын қорғап, бала тәрбиесін толық жауапкершілігіме аламын деп отыр.

Кейбір ақпарат құралы Джолидің бұл шешімі Брэд Питтің балаларға деген қарым-қатынасына байланысты деп отыр.

Осылайша, Лос-Анджелас полициясы (АҚШ, Калифорния штаты) өз балаларымен қатаң қарым-қатынас жасады деген күдікпен Брэд Питке қатысты тергеу амалдарын бастады.

Сондай-ақ, бұл ажырасуға 14 қыркүйекте өздерінің жеке ұшағында отырғанда Питт аяқ астынан ашуланып, балаларына ұрысуы және қол көтеруі себеп болған.

 

Baq.kz 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде