Андрей Шовкопляс: Алматының тұрақты дамуын қамтамасыз етеміз

14 қараша 2023, 16:03

Еліміздегі ең ірі мегаполис саналатын Алматы көркемдігімен қоса, отандық экономикаға сүбелі үлесін қосуымен ерекшеленеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына сапары аясында қала басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірлеп, мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі бағдарламаларын бекітті. Біз шаһардағы «Алматы қаласын дамыту орталығы»АҚ Басқарма төрағасы Андрей Шовкопляспен арнайы сұхбаттасып, орталықтың негізгі мақсаты мен атқарған жұмыстары жайында сұрадық.

— Андрей Владимирұлы, ең алдымен «Алматы қаласын дамыту орталығының» жұмысы, жоспары мен негізгі қызметтеріне тоқталып өтсеңіз.

— Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы қаласының әкімдігі «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін ұйым болып белгіленді.

АДО мақсаты — қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу үшін шешуші маңызы бар үш негізгі стратегиялық бағытты дамыту. Олар: 1.Think Tank: Алматының дамуын стратегиялық және тактикалық жоспарлау. Алматының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейі бойынша әлемдегі ең үздік қалалардың біріне айналуға бағытталған дамуын жоспарлау, сапасын жақсарту. 2. Жобалық кеңсе: әкімдіктің жобаларын сапалы жоспарлауға, дайындауға және іске асыруға жәрдемдесу. Қаланы дамыту жөніндегі жоспарлардың (жобалардың) жоғары сапасын, уақтылы іске асырылуын және бюджеттік тиімділігін қамтамасыз ету.
3. Байланыс кеңсесі: кері байланыстың тиімділігін арттыру және қала тұрғындарын қаланың даму процестеріне тарту.

— Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, Алматы қаласын дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

— Алматыда Президент тапсырмалары негізінде жасалған «2025 жылға дейінгі даму бағдарламалары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» Жол карталарында баяндалған жобаларды іске асырылып жатыр. Сол жобалардың қатарында 20 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған кемінде 15 су қоймасын реконструкциялау бар. Наурызбай ауданының 50 мың тұрғынын ауыз сумен қамту үшін жыл соңына дейін Қарғалы су тазарту станциясының құрылысы аяқталуы тиіс (қуаты — тәулігіне 15 мың м3). 2026 жылға дейін Ақсай (2025 ж.), «Ерменсай» (2025 ж.), «Барлық» (2026 ж.) өзендерінде 3 су тазарту станциясын салу жоспарланған.

Жүктерді жинақтау және бөлу бойынша бәсекеге қабілетті және сапалы қызметтерді қоса алғанда, логистикалық қызметтердің толық спектрін көрсететін мультимодальды орталық құру – әуежай терминалын салу. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 65 пайыздан астамы аяқталды. Оның іске қосылуымен қалалық әуежайдың өткізу қабілеті жылына 2 есеге 14 млн адамға дейін артады. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам автожолға реконструкция жүргізу жоспарланған. Биыл 6 шағын ауданда 25 шақырым жаңа жол құрылысы аяқталады, орташа жөндеу — 200 км.

Astana Hub халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде технологиялық хабтардың ашылуы мыңызды. 2025 жылдың соңына қарай жеке меншік және мемлекеттік инвестиция тарта отырып, IT-хаб (Almaty digital city) құрылады. ІТ-хаб Алматы қаласының IT және стартап экожүйелерін дамыту орталығына айналады.

Ал креативті индустрияның келешегі зор бөлігі – кино, анимация, музыка, жаңа медиа және цифрлық мәдениет, эспорт және ойын дамыту, сән және қолөнер, сәулет, дизайн және заманауи өнер. Мұндағы басты міндет — инфрақұрылым мен экожүйені қалыптастыру.

— «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы қандай жобалар жүзеге асты?

— «Халық қатысатын бюджет» жобасын Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдан бастап іске асырып келеді. Жобаға тұрғындар, тұрғын үй иелері бірлестіктері, кооперативтер, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, әр аудан әкімдігі жанында жұмыс істейтін сараптамалық кеңестерге кіретін ҮЕҰ өкілдері белсенді түрде араласады. 2019-2023 жылдары «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 700-ден астам жоба іске асырылды. Оның ішінде Төле би көшесі, 160 бұрышында орналасқан көппәтерлі үй маңындағы аумақты абаттандыру; Әуезов ауданындағы Дүйсенов көшесі бойынша Түркебаевтан Циолковскийге дейінгі автоматты суару жүйесі; Алмалы ауданындағы Төле би/Жароков көшелерінің қиылысындағы АЗТМ скверін ағымдағы жөндеу, Әуезов ауданындағы Жандосов көшесінің оңтүстігінде, Сүлейменов көшесінің шығысында, Аманжол көшесінің бойында (Саин көшесінің батысында) жаяу жүргіншілер аймағын жайластыра отырып, бос учаскелерді абаттандыру бар.

— Әңгімеңізге рахмет!

Мақпал Ноғайбаева

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді