jasqazaq.kz

Қандастарымыздың елге оралуына кедергілер азаймай отыр

03 ақпан 2017, 0:02

Қытайдан келген қандастарымыздың Қазақстанға оралуына кедергілер азаймай отыр. Бұған дейін атамекенге келген қазақтар үшін сотталмағандығы туралы анықтама түйткілді мәселе болса, енді ол құжатты растау бас ауруларына айналған. Тіпті, кейбір аймақта көші-қон полицейлері жергілікті жердегі құзырлы орган берген анықтаманы қабылдамайтын көрінеді. Бұл мәселенің күрмеуі күрделі екенін ішкі істер министрлігіндегілер де мойындап отыр.

31.kz хабарлағандай, Қазақстанда тұруға рұқсат аламыз деп бірі 9 ай, ал қалған екеуі жарты жылдай сабылған мына азаматтар, қаншама құзырлы органнан тұщымды жауап ала алмаған соң журналистерге жүгінуге келіпті.

МАХАББАТ БЕЙСЕН, Ақмола облысы Макинск қаласының тұрғыны:
— «Сотталмады» деп жергілікті милициялар қолымызға қағаз берді. Осы қағазды енді бұл жерде «танымаймыз, Пекиннен әкел» деген талаптарды қойып жатыр. Біз енді қалай шешетінімізді ұқпай, қаңғырып қалдық. Алдымыз түрмеге түсті. 3 күн жатты.

ПАТЫҚ ЯСЫН, Ақмола облысы Макинск қаласының тұрғыны:
— Өтіп кеткен уақытына бола сотталып отырмыз ғой. Құжатымызды дұрыстап қабылдаған болса, сотына да отырмайтын едік қой.

«Сотталмады» деген анықтаманың жыры мұнымен бітпейді. Ол құжатты Қазақстандағы Қытай елшілігіне апарып, түпнұсқа екендігін растату керек екен.

САБЫРҒАЛИ СОЛТЫНШӘРІП, Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны:
— Консулдықтан алдырып, оны сыртқы істер министрлігіне апарады екенсің. Сыртқы істер министрлігіне барсаң «мынаған ақша төлейсің, адам басына» деді. 7 жарым мың теңгеден 15 мың теңге оны банкіге апарып төлейді екенсің. Құжатымызды банкіге төлеп алып барсақ, «мына немене жазу» деп тағы іске аспайды деді. Сөйтіп жүргенде көші-қон полициясындағы қызмет істейтін адам 1 ай демалысқа шығып кетті.

Айтылған шағымның бәрін көші-қон полициясының мамандарынан сұрадық. Олар мұндай мәселенің бар екені рас дейді. Қытай тілін түсінбейтіндіктері өз алдына, ол елде сотталмағандығы туралы анықтама барлық аймақта біркелкі үлгіде емес екен.

САБЫРЖАН СЕЙІТЖАНОВ, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті басқармасының басшысы:
— Иә, бұл жерде механизм енді қиын. Қытайдан келген этникалық қазақтарға. + Ауданның участкелік полицейі берді ме, облыстың полиция басқармасы берді ме, бізге бәрібір. Бізге осы қағаз, осы анықтама расталса болды.

Министрлік мамандары, жергілікті жердегі көші-қон полициясына қатысты айтылған шағымдар расталса, қызметтік тексеру жүргізбек екен. Ал бір құшақ құжатын көтерген 3 азамат болса, Қытайдағы 1 миллионнан астам қандастың меселін қайтармайтындай етіп талаптарды оңтайландырса дейді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді