jasqazaq.kz

Қанат Ислам: Кез келген чемпионмен кездесуге дайынмын

20 сәуiр 2017, 9:59

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Ислам алға қойған мақсаттары мен болашақта кездескісі келетін қарсыластардың есімін атады.

«Мен тек мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Кез келген чемпионмен кездесуге дайынмын. Бокспен айналысқаныма 25 жыл болды. Олимпиада ойындарына екі рет қатыстым, қола медаль алып, әуесқой деңгейдегі әлем чемпионатына да қатыстым. Бірақ енді мен жас боксшы емеспін. Әлем чемпионы титулы үшін күресуге дайын болу үшін кәсіпқой бокстағы бес жыл жеткілікті болды», — деді Қанат Ислам Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.

Боксшының айтуынша, ол қазір алға қойған мақсаттарына жету үшін бар күшін салып жатыр.

«Мен «Канелоны», Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елінің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп күттіртпеймін, жақында мені әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жекте көресіздер. Мен сіздерді жерге қаратпаймын», — деді Қанат Ислам.

Қазақстандық боксшы осыған дейін келесі жекпе-жегін АҚШ-та мамыр айында өткізетінін айтқан еді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде