jasqazaq.kz

Қанат Бозымбаев: Бензин енді делдалсыз сатылады

01 ақпан 2017, 0:06

Қазір Энергетика министрлігі бензин мен дизельді отын тасымалдау тетігін өзгертіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің елде бензин нарығы еркін. Бензин мен дизельді отын жеңілдікпен сатылмайды. Егер жеңілдікпен сатылатын болса, тек егін егу жəне егін ору кезінде болады. Елімізде басқа жеңілдікпен сатылатын бензин жоқ жəне болмайды да. Қазір біз бензин мен дизельді отынды сату тетігін өзгертіп жатырмыз. Бұрын əрбір облыстың өз операторы болатын, яғни, бензинді сатып алып, үстіне баға қосып, облыстардағы жанар-жағармай бекеттеріне сататын.

Бұны өзінше бір делдал деуге болады. Ал, енді мұнай өңдеу зауытында жанар-жағармайды өңдейтін компания өнімін бензин сататын желілер мен жанар-жағармай бекеттеріне тікелей сатады»,-деді Бозымбаев. Министр атап өткендей, бұрын делдалдарды əкімдіктер анықтап алады екен. «Мен екі рет əкім болдым, бұндай делдалдар жылына 2-3 рет ауысып тұратын. Сондықтан, делдалдарды жойсақ, баға да қалыпты болар еді»,-деді Қанат Бозымбаев.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде