
Осы жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерінде анасы мен кәмелет жасына толмаған ұлын айуандықпен өлтіріп, 13 жастағы қыз баланы ауыр жаралап кеткен қаскөй ұсталды. 29 наурыз күні Ақтөбе қаласын тік тұрғызған қанды қылмыскерді ақтөбелік полицейлер қолға түсірді.
«ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды. Қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат таратылуға жатпайтынын» мәлім етті Polisia.kz.
@jasqazaq.kzАнасы мен ұлын өлтірген қаскөй құрықталды
JQ-Aqparat