jasqazaq.kz

Ананың жанайқайы: ОҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды

03 маусым 2017, 14:55

ОҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі  хабарлады. Осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында зорланған ананың үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Ролик авторының айтуынша, қылмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Бəйдібек ауданы Шаян ауылында болған. 10 мамырда белгісіздер мектеп оқушысын ұрлап әкетіп, Шымкентке апарған да, зорлаған. ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Бәйдібек аудандық ІІБ тергеушісінің өндірісінде қылмыстық істің барын хабарлап отыр. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі бойынша 2017 жылдың 31 мамырында «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабымен Түлкібас ауданынының 1996 жылғы тұрғынына қатысты қозғалған. «Қазіргі уақытта осы дерек бойынша бірқатар сараптама тағаййындалған, оның қорытындысы бойынша күдіктіге қатысты процесстік шешім шығады», — делінген хабарламада. Кейінірек ОҚО ІІД өкілдері күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады деп жазды tengrinews.kz. «Бүгін 18.00-де күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — деп жазды ОҚО ІІД өкілдері Facebook желісінде 2 маусымда.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде