jasqazaq.kz

«Анам табыла ма деп қорқамын». Әнші Луина

06 желтоқсан 2024, 11:25

Әнші Луинаның (шын есімі – Луиза Обухова) анасы 5 жасында із-түзсіз жоғалып кеткен. Бүгінге дейін оның тағдыры туралы ештеңе білмейтіні жайында ол «Din Dina Show» бағдарламасында айтты.

«5 жасымда анам із-түзсіз жоғалып кетті. Қайта оралған жоқ. Анамның шашымды өріп бергені есімде, ол жоғалып кеткен түн есімде. Мен ол түні ұйықтай алмадым», — дейді әнші.
Ол анасын іздемейтінін, бірақ кейде табылып қалса деген үмітпен, әр түрлі сезімдермен күресетінін жеткізді. «Қазір мен ол кісіні іздемеймін. Кейде әпкем немесе ағам қоңырау шалған кезде, қазір қоңырауды көтерсем, анам табылғанын айта ма деп қорқамын. Бұл сезімді түсіндіре алмаймын, жай ғана қорқамын. Анам табылса, оның қандай болатынын қатты уайымдаймын. Ол бізден кеткен кезінде 32-33 жаста болды, ажырасқан, жас әйел біреуге ғашық болып, бізден кетіп қалса ше? Мен оның миында не бар екенін білмеймін ғой. Мүмкін оны есінен танғанша соққыға жығып, бір жерде тастап кеткен шығар. Білмеймін. Оның қандай екенін білу және көру мен үшін қорқынышты», — дейді Луина.
Луина Астрахань қаласында дүниеге келген. Ата-әжесінің қолында өскен. 18 жасында Алматыға көшіп, әншілік карьерасын бастауға шешім қабылдаған.

JQ-Aqparat

Фото: Stan.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі