jasqazaq.kz

ӘМСҚ медициналық мекемелерге бақылауды күшейтеді

13 наурыз 2025, 15:16

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) МӘМС және ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медицина ұйымдарының қызметін бақылауды күшейту бойынша бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Жоғарғы аудиторлық палата баспасөз қызметінің мәліметінше, ӘМСҚ медициналық қызметтердің сапасына жоспардан тыс мониторинг жүргізді. Тексеру кезінде МӘМС және ТМККК жүйесіне қатысатын денсаулық сақтау субъектілерінің өндірістік базалары тексеріліп, олардың рұқсат беру құжаттарына, шарт талаптарына, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі бағаланды.

Соның нәтижесінде тексерілген 1,4 мың медицина ұйымының 238-інде түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде: рұқсат беру құжаттарының болмауы, бір өндірістік базада бірнеше клиниканың орналасуы, медицина қызметкерлерінің жарамды сертификаттарының болмауы және т.б. бар.
61 денсаулық сақтау мекемесіне айыппұл салынды.

10 медицина ұйымымен шартты бұзу процесі басталды.

Сондай-ақ анықталған заң бұзушылықтар бойынша денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне 116 хабарлама жіберілді.

ӘМСҚ осындай тексерулерді жүргізу және деректерді тиісті органдарға беру бойынша бірыңғай алгоритм әзірледі.

JQ-Aqparat

Фото: Rawpixel

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі