jasqazaq.kz

Американдық журналист: Қанат чемпион болады

24 ақпан 2017, 20:24

Американың Delcotimes.com сайтының журналисі Джэк МакКафери Vesti.kz басылымына берген сұхбатында қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды (23-0, 19 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) салыстырды.

«Мен Қанат Исламның соңғы жекпе-жегін көрдім. Ол маған әсер қалдырды. Қолы жылдам қимылдайды. Ислам чемпион болады», — деді МакКафери сұхбатында.

Сондай-ақ, америкалық журналист Қанат Ислам мен «Канелоның» жекпе-жегімен әлі асықпай тұру керек екенін айтты. Бірақ ол мексикалық «Канело» мен қазақстандық Қанат Исламның кездесуін көргісі келетінін айтып өтті.

«Ислам біреумен бәсекеге түсе алатын дарынды боксшы. Оның мүмкіндігі бар. Және қазақстандық боксшы соңына дейін жұдырықтасатын болады», — деді журналист.

Сонымен қатар, америкалық журналист Қанат Ислам мен Генннадий Головкинді салыстырып жатқандарға қатысты пікір білдірді. «Иә, қазақстандық боксшылардың бір ерекшелігі бар — олар қарсыластарынан қорықпайды. Соңғы жекпе-жекте Ислам GGG сияқты дөрекілеу болды. Ол осы қалпында жалғастыра берсе, чемпион болуы әбден мүмкін», — деді америкалық журналист.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде