jasqazaq.kz

Американдық ауыр атлет 143 келі зілтемір көтеріп қайтыс болды

30 желтоқсан 2016, 11:17

Американың Анкени (штат Айова) қаласындағы жаттықтыру залында жазатайым оқиға болды. 22 жастағы жергілікті тұрғын Кайл Томсон 143 келі зілтемірді көтеріп қайтыс болды, — деп хабарлайды WHO-TV.

tengrinews.kz хабарлағандай, жас спортшы зілтемірмен жаттығу жасап жатқан сәтте, зілтемір қолынан шығып кетіп, мойнына түскен. Зардап шеккен жігіт бірден ауруханаға жеткізілген. Бірақ дүйсенбіде ол қайтыс болған.

Ауыр атлетикадан нұсқаушы Грег Шунның айтуынша, зілтемір жігіттің қолынан түсіп кеткен кезде залда бірнеше адам болған. Алайда олар бұл қайғылы оқиғаның алдын ала алмаған.

Сондай-ақ, 22 жастағы жергілікті Кайл Томсонның Айова штатындағы университетте оқығаны айтылады. «Ол жақсы жігіт болатын, мықты спортшы, үздік студент болатын. Оны мектепте және айналадағылардың барлығы cыйлайтын», — деді Грег Шун.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде