jasqazaq.kz

Америкадан «Роллс Ройс» әкеп беремін» деп еді… (Видео)

04 маусым 2024, 21:18

Америкадан «Роллс Ройс» көлігін әкелуге уәде беріп, ұшты-күйлі жоғалған азамат он жылдан кейін ұсталды. Ол 2014 жылы танысынан 50 млн теңге алып сол күйі хабарсыз кеткен. Жылдар бойы жазадан қашып жүрген күдікті бүгін елге жеткізілді.
Ірі көлемдегі қаржыны қолды еткен азамат осы уақытқа дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде бой тасалап жүріпті. «Роллс Ройс» көлігі үшін алған 50 миллион теңгені де жаратып жіберіпті. Еліміздің Бас прокуратурасы 10 жыл бұрын алаяқтық бабымен халықаралық іздеу жарияланған күдіктіні Интерпол агенттігімен бірлесе қолға түсірді. Сыртқы істер министрлігінің көмегімен елге жеткізілген ол енді сот алдында жауап береді.

Бас прокуратураның ресми өкілі Әсел Берқалиеваның айтуынша, әлгі азамат қылмысы үшін 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі