jasqazaq.kz

Америка тарифті өсірді: Кім ұтты, кім ұтылады?

03 сәуiр 2025, 13:24

Ақ үй қожайыны Доналд Трамп елдің сыртқы сауда-саттығында тосын жағдай қалыптасқанын мәлімдеп, төтенше жағдай жариялады. Бұған сәйкес, әлемнің барлық елдерінен келетін тауардан алынатын алым мөлшері 10 пайыздан төмен болмауы тиіс. Арасында жан баласы тұрмайтын, тек пингвиндер мекендейтін Арктикадағы Нерд және Макдоналд та бар. Бұл арал-мемлекеттер Австралияға қарайды. Тізімге сол үшін енгізілген.

Американдық экспортқа салықты көбірек қоятын елдер үшін бұл көрсеткіш жоғары. Осы орайда Еуроодақ елдеріне тарифтің 20 пайыз болып белгіленгенін айрықша атап өткен жөн. Бұған дейін АҚШ кеденіндегі жеңілдікті пайдаланып келген кәрі құрлықтағылар кешелі бері қатқыл мәлімдеме жасап әлек. Бәрі емес, әрине. Ағылшын басылымдары «Ұлыбритания 10 пайызбен Трамптың қаһарынан құтылып кетті» деп жазуда.

Жаңа тариф Азия алпауыттарына да жайсыз тиері анық. Қытай (34 %), Үндістан (26 %), Оңтүстік Корея,(25 %), Жапония, (24) сияқты елдер енді сауда соғысына төтеп беру қамына кіріседі. Осы елдерден Америкаға баратын дайын бұйымның бағасы қымбаттап, инфляция мөдшерін өсіруі әбден мүмкін.

Қазақстанға салынатын салық мөлшері — 27 пайыз. Бұл Орталық Азиядағы ең көп мөлшер. Ал біздің кедендегі американдық тауарға белгіленген тарифті 54 пайыз деп көрсетіпті. Соңғы сан анықтауды қажет етеді. Тізім жарилануы сол екен, біздегі кейбір сайттар мен әлеуметтік желідегі бәрін білгіштер «шок», «сұмдық», «құрыдық» деген сарындағы «талдаулармен» қара бұлтты төндіртіп жатыр. Ал байыбына барсақ, АҚШ-пен сауда-саттықта отандық экономикада пәлендей рөл ойнамайды. Былтыр мұхиттың арғы жағына жөнелткен тауар құны 1,7 млрд долларға жетер-жетпес. Импорт одан сәл көбірек. Ал еліміздің экспорты – 81, 6 млрд доллар. Демек жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына жетпейді. Оның үстіне, мұнай, уран, ферроқорытпа, күміс сияқты сол елдің өнеркәсібі үшін аса қажетті өнім жіберіледі. Америкада экономикалық мүддені бәрінен жоғары қоятынын ескерсек, әлгі тауарлар үшін арнайы жеңілдік көзделуі ғажап емес. Өйткені, кейбір дерекке жүгінсек, АҚШ бюджетіндегі тапшылық 1 трлн долларға жеткен. Ал мемлекеттің қарызы 37 триллионнан асты. Трампты тарифті көтеруге мәжбүр еткен басқа емес, дәл осы фактор болса керек.

Срайыл Смайыл      

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры