
Талайды көрсек те, қазақта кітап өртеу деген сұмдық болмаған. Ондайларды тауып алып, аямай жазалаған жөн. Қоғам болып қарсы тұру керек.
Әйтпесе, мұндай жауыздық етек алып, бірте бірте әдетке айналуы мүмкін. Менің ойымша, бұндай сұмдықты сүйінші сұрап, жарнамалаудың да керегі жоқ. Кітапты, өнер туындыларын, ескерткіштерді жою әсіредіншілдер әкелген ылаң. Радикалды ағым өкілдері Сирияда, Иракта талай теңдесіз ескерткіштерді жермен-жексен еткен жоқ па?!
Бір адам сын айтты екен деп, сонша тулағандарды түсінбедік. Отарбаев та өз пікірін айтуға құқылы. Бір адам сынады екен деп Әуезов пен Мағауинді ешкім әдебиеттен сызып тастай алмас. «Абай жолының» оқылу-оқылмауы да Отарбаевтың сынына қарап қалған жоқ.