jasqazaq.kz

Аманжол Әлтаев: Қораппен тоқал сыйлау деген не сұмдық?!

05 наурыз 2024, 14:45

Депутаттар күйеуінің туған күніне «тоқал сыйлау» трендін сынға алды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Бәйбішесі отағасын мерейтойымен құттықтап, кейін қораптың ішінен хиджап киген өрімдей жас аруды сыйға тарту үрдісі соңғы кезде әлеуметтік желіде жиілеп кеткен.

Депутаттардың айтуынша, Қазақстанмен қоса алыс-жақын шет елдерге де тарап кеткен мұндай видеолар еліміздің абыройына, азаматтардың құқықтық мәртебесіне нұқсан келтіреді. Қыз-келіншектердің бұл әрекетін депутаттар масқараға балайды. Қолданыстағы «Неке және отбасы туралы» заңда да екі әйел алу нормасы жоқ. Сондықтан көптің талқысына түскен жағдай жиілесе, әзіл-шыны аралас трендке үлес қосқандарға құқықтық жауапкершілікті арттыру мәселесі қолға алынбақшы.

“Бұл бізді төмендетіп көрсететін, ұлттық құндылықтарымызға сызат түсіретіндей жағдай. Қазақтың ғасырлар бойғы өмір сүру тәртібінде әдепсіз жағдай болмаған. Өкінішке қарай, қазір қоғамда болып жатқан, қабырғамызды қайыстырған келеңсіз жағдай. Сондықтан мен түбегейлі қарсымын. Қораппен тоқал сыйлау деген не сұмдық?!”, – деді мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі