«Біздегі ең төменгі күнкөріс деңгейін дүкен мен базарға бармайтындар есептеген. Өйткені базалық зейнетақы, мүгедектерге берілетін жәрдемақы, асыраушысынан айырылғандарға берілетін көмек, мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақы төменгі күнкөріс деңгейіне тікелей байланысты. Бұл мәселе азық-түлік пен дәрі-дәрмек қымбаттаған кезде аса маңызды. Шілде айында инфляция 7,1 пайызды құрады. Азық-түлік бағасы 11,4 пайызға қымбаттады. Сондықтан үкімет күнкөріс деңгейін қайта есептеуі керек. Биылғы шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі 33687 теңгені құрады».