jasqazaq.kz

Алып шұңқырдан 5000 текше метр топырақ пен тау жыныстары қазылып алынды (Видео)

06 қантар 2024, 17:15

Павлодар облысында «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен аумағындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары бүгін үшінші күн жалғасып жатыр.
Аймақ басшысы Асайын Байханов оқиға орынан әлі ақпарат таратуда. Ол Instagram-дағы парақшасына бүгін де видео жариялады.
«Кеше жедел штаб мамандандырылған техниканы опырылған жерге түсіру үшін шамамен 120-130 метр тереңдікке траншея қазу туралы шешім қабылдады. Кеше опырылған жердің түбіне техниканы түсіру үшін өткел дайындау басталды. Бұл жұмыстарға 3 экскаватор, 2 тиегіш, 2 бульдозер жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізілуде. 5 мың текше метрге жуық топырақ пен тау жыныстары қазылып, шығарылды», – дейді Павлодар облысының әкімі.
Дәл қазір іздеу жұмыстарына барлығы 134 адам, 37 бірлік техника, 3 кинологиялық жұп және 2 дрон тартылған.
Естеріңізге салсақ, «Майқайың-алтын» АҚ кенішінің аумағында жер опырылып, ондағы тереңдігі 150 метрлік шұңқырға автобус түсіп кеткен еді. Автобуста жүргізуші мен 3 құтқарушы болған. Екі құтқарушының денелері табылды. Ал ал бір құтқарушы мен жүргізуші әлі іздестіріліп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі