jasqazaq.kz

Ғалымдар планшеттің балаға зиян екенін дәлелдеді

14 сәуiр 2017, 12:28

Лондон университеті мен Лондондағы Корольдік колледждің ғалымдары ценсорлы гаджеттердің кішкентай балаға зиянды екенін дәлелдеп шықты. Атап айтқанда, планшетті көп пайдаланатын баланың ұйқы дағдысы бұзылып, салдарынан ағзаның дамуында өзгерістер пайда болады екен. Бұл туралы Gizmodo басылымы хабарлап отыр.

Ғалымдар 6 мен 36 айлық аралығындағы балалары бар ата-аналардың арасында сауалнама жүргізген. Ата-аналар сәбиінің тәулігіне қанша сағат ұйықтайтынын, ұйықтау үшін қанша уақыт дөңбекшіп жататынын және түнгі ұйқысының қаншалықты тыныш екенін айтып берген.

Жауап берушілердің 70 пайызында ценсорлы гаджеттер болған. Ал, сол гаджеті барлардың 75 пайызының балалары (715) планшетпен ойнайды екен.

caravan.kz хабарлағандай, зерттеу барысы көрсеткендей, смартфонмен, планшетпен көп ойнайтын балалардың түн ұйқысы қысқа болады. Планшетпен өткізген әрбір сағат бала ұйқысының 15,6 минутын қысқартады екен. Сондай-ақ, гаджетке құмар сәбилер түнде көп дөңбекшіп, біразға дейін ұйықтай алмайды дейді ғалымдар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде