jasqazaq.kz

Қалыңдық той күні күйеу жігітінен айырылды

07 қазан 2016, 17:36

buket_nevestu_zimoy4

Қарағандының 37 жастағы тұрғыны өзінің үйлену тойында мейрамханада қайтыс болған.

Күйеу жігіт Олегтің тұрмысы да жақсы, тұрақты жұмысы да болған деп хабарлайды «Криминальные новости» басылымы.

Ол алты жыл бірге жүрген қызы Анастасияға үйленбек болып, 23 қыркүйек күні той жасайды. Той Шахтинск қаласының мейрамханасында өтеді.

Олегтің қайын атасының айтуынша, сол күні бәрі бұл қуанышты оқиғаны тойлап болып, жастар ары қарай тойламақ ниетте басқа бір мейрамханаға барған.

«Алты-жеті адам болып, олар қаладағы тағы бір мейрамханаға кетті. Ол таңғы сағат 4-ке дейін жұмыс істейтін», — деп айтып берді ол.

Оның айтуынша, ұрыс-керіс те, жанжал да болмаған.

«Даяшы қыз еш ұрыс-керістің болмағанын, күйеу жігіт барға жақындап барып, кенеттен есінен танып, бетон еденге құлап түскенін айтты. Бірақ, неге екенін белгісіз, оның қабырғалары сынық, бүйрегінің быт-шыты шыққан, ми-бас сүйегінің ашық жарақатын алған, сол жақ дабыл жарғағы жарылып кеткен», — дейді қалыңдықтың әкесі.

Ал бейнежазба болса, қарағандылық күйеу жігіт барға жақындаған тұсынан бастап кесіп алынған тәрізді. Себебі, бейнежазбаның осыдан кейінгі тұсы көрінбей қалып, ары қарай оның құлап жатқаны ғана байқалады.

Ес-түссіз Олегті жедел жәрдем Шахтинск орталық ауруханасына жеткізеді. Онда оның бас сүйегіне ота жасалады. Бұл уақытта күйеу жігіт есін жимаған.

2 қазан күні, оның жүрегі тоқтайды, ол есін жимастан қайтыс болады.

«Өте түсініксіз жайт, құлап түсіп, осындай жарақат алуға бола ма? Мейрамханадағы күзет қайда? Видеожазбаның қалған бөлігі қайда?», — дейді қалыңдықтың туысқаны.

Қайтыс болған күйеу жігіт анасының жалғыз ұлы болған деген ақпарат бар.

 

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде