jasqazaq.kz

Алтынбек Тәшімбетов мас күйінде дөрекілік танытып, басы дауға қалды

21 тамыз 2024, 11:01

Белгілі әнші Алтынбек Тәшімбетов ішімдік ішіп, тәртіпсіздік жасағаны үшін заң алдында жауап береді. «Kozachkov offside» Telegram арнасында оқиға орнынан фото жарияланды. Cуретте әнші Алтынбек Тәшімбетов екенін көпшілік бірден таныды. Өнер иесі мас күйінде медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, ғимарат ішіндегі жиһаздарды бүлдірген.

“Дүйсенбі күні Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасына денесінде жарақат іздері бар өнер иесі жеткізілді. Оның үстінде тек ішкиімі ғана болған. Аса танымал емес әнші өзін үлкен жұлдыз ретінде ұстап, қабылдау бөлімінде жанжал шығарды. Ол ресепшндегі әйнекті шағып, медбикеге дөрекілік танытқан. Ашуға булыққан әншіні полицейлер тоқтатты», – деп жазылған мәтінде.
Полиция департаментінің мәліметінше, әнші Алтынбек Тәшімбетовтің әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша сотқа келетіні туралы түсініктеме берді.

Оның заңсыз әрекеті екі бап бойынша – қоғамдық орындарға мас күйінде келу (440 ӘҚБтК, ең жоғары айыппұл – 5 АЕК) және медицина қызметкерлерін сыйламау (80-1-баптың 2-бөлігі) бойынша айып тағылды.
Одан кейін өнер иесі 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі