jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева: «Жаным, күнім» деп сыртымнан неше түрлі сөз айтады

14 қараша 2024, 14:54

Танымал әнші Алтынай Жорабаева жақындарынан көңілі қалғанын айтып, желіде әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Алтынай Жорабаева Instagram-дағы парақшасында былай деп жазды:

«Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарханда отырып, «Сен кереметсің, жаным, күнім» деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. «Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз» деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?! Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері «Ғайбат айтпаңыздар» деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырғанымды білсін деп ескертейін дегенмін», — деді әнші.

Алтынай Жорабаева бұл жағдайдың бірінші рет болып тұрған жоқ екенін айтты.

“Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген «Халық қалаулылары» осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр», — деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

Сурет: Instagram.com/altynaizhorabayeva
Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі