jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева: Кімнің қанша теңге бергені емес, қалай бергені маңызды

11 сәуiр 2024, 10:50

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде су тасқынынан зардап шеккен ағайынға қолдау білдірді.

“Қазір бір дүрбелең соғып тұрған уақыт болып тұр… Елімізде, әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты біраз ойым жинақталып тұр. Отырып жазуға, жаңадан босанған ана болған соң, уақыт тапшы болып жатыр… Жалпы жекеге “неге үндемей отырсыз, неге көмек бермей жатсыз?” деп жазып жатқан жандар өте көп. “Оң қолың бергенді сол қолың білмесін” дегендей, неге бергенімді айтып, жасаған жақсылыққа берілетін сауапты осы дүниеде тастап кетуім керек? Жариясыз жасағанды көбірек құптаймын. Одан бөлек, өнер адамдары жиналып, ортақ чат ашып, ол жақта да қаржылай көмек жиналып жатыр. Қиын жағдайға тап болған аймақтардан хабар алып отырмыз. “Әзірге тамақ, керек-жарақтың барлығы жетерлік. Нағыз мұқтаждық осы ажиотаж басылғанда, су тартылғанда басталады. Соған жұмсаған жөн” деген хабар алдым. Дегенмен де, біраз өнер адамы сол аймақтарға өздері барып, көзбен көріп, ары қарай жиналған қаржыны қаржылай, немесе заттай үлестіреміз деп отыр. Жалпы ел басына күн туғанда кімнің қанша теңге бергені маңызды емес, қалай бергені маңызды”, – деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі