jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева: Ер-азаматтың берекетін қашыратын әйелдер бар

28 маусым 2024, 13:04


Әнші Алтынай Жорабаева қыз тәрбиесіне қатысты ойын әлеуметтік желіде білдірді.
“Неге «Қыз сыны?» Неге “Жігіт сұлтаны?” Әу бастан қыз баласын сынға алып, бәрін әйел адамнан талап ету, бүкіл жауапкершілікті әйел адамға артып қоюды қанға сіңіріп, ойға түйіп тастаған сияқты ма, қалай өзі? Қыз нәзік, қыздың жолы жіңішке, қызға қырық үйден тыйым дейді де, қыздың қырық жаны бар деп қоятынымыз қалай? Былай қарасаң, нәзік, әлсіз деген сияқты айтып келіп, бірақ сол «әлсіз жаратылысқа» үстемдік жасап, әлсізге әлімжеттік көрсетіп, бірақ қайтадан бүкіл үйдің тірлігін, бүкіл жауапкершілікті, яғни күйеуі ішіп кетсе, құмар ойын ойнап кетсе, ішіп келіп ұрса, жүріс жүрсе, әйел үнін шығармай, көніп, бала-шағаны бағып, үйдің шаруасын жасап жүруді талап етуді қалай түсінуге болады?”, – деп күйінді әнші.
“Нағыз ер азаматты сыйламайтын, тапқан табысының берекесін қашырып отыратын әйелдер де бар! Мынау еркектің, мынау әйелдің жұмысы деп бөлмей, кішкентайынан ұлды да, қызды да үй шаруасына, дала шаруасына баулып тәрбиелегенде, әйел еріне, ері әйеліне көмектесіп, түсіністікпен өмір сүріп, берекелі отбасы болады деп ойлаймын. Менің оқырмандарымның ойы қалай екен?» – деп көпшілікке ой тастады әнші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі