jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева: Аяғым ауыр екеніне сенбей, ішімді басып көретіндер бар

04 желтоқсан 2023, 12:10

Танымал әнші Алтынай Жорабаева жүктілігін сүйіншілеген болатын. Алайда әншінің кейбір таныстары аяғы ауыр емес деп сенбейтін көрінеді. Мұны әнші жеке парақшасында сторис бөлімінде айтып берді.

“Ол әңгімені жақын құрбымнан естідім. Намаз оқитын жақын туысқандары мен араласатын адамдары “Алтынайдың аяғы ауыр емес екен. Ішіне бірнәрсе салып алыпты. Күйеуінен бала болмағасын, бала асырап алғысы келеді екен. Ет-жақындарының баласын бауырына басуды жоспарлапты” деген әңгіме естідім”, – дейді әнші.

Айтуынша, өтірік әңгімеге жаға ұстап, адамдардың пейілінен шошыған көрінеді.

“Сондай ойға қалай дәттері барады екен. Менің істейтін шаруам жоқ па?!. Алла берсе аламыз, бермесе көреміз” деп жүрген адамдар едік. Дәл осындай ойға баратын адамдарға жаным ашып кетті. Біз ұзақ емделдік, көп дұға еттік. Міне, Алла тағала бізге сәби нәсіп еткелі отыр. Ешқандай ЭКО жасатпай, табиғи жолмен бала көтергенім рас. Жаңа Айгүл Елшібаеваны көріп қалдым. Осы әңгімені айтып берсем, ”денем түршігіп кетті” деп ол да қорқып жатыр. Ең қызығы, өтірік өсек айтып жүргендер менімен дәмдәс болған, жүзі таныс адамдар екен. Олар менің дәл қазіргі жағдайымды көрмеген шығар, бірақ сахнада жүкті екенімді көріп жүр. Сыртқы келбетімдегі өзгеріс те бәрінен хабар беріп тұрған жоқ па?!. Міне, осыдан кейін ғой, “исламфобия”. Өсек айтып адамның ойына келмейтін нәрсені солар айтқаннан кейін. Сондай адамдарға не деуге болады?!”, – деп ренжіді өнер иесі.

Одан кейін тойларға шыққанда да әншінің ішін басып, денесін ұстап көргендер де бар екен.

“Оқырмандарым “мән бермеңіз”, “денсаулығыңды күт” деп жатыр. Әрине көңілге алмауға тырысамын. Бірақ гармондар ойнап тұрғасын бәрібір де ренжіп қаласың. Ең қызығы, тойларға шыққанда ішімді ұстап көретіндер бар. Денемді құшақтаған болады да, ішімді басып көреді. Аяғы ауыр ма, жоқ па дегендей. Ондай кезде қолдарын қағып немесе ұрып жіберемін. Ниетті дұрыстау керек. Өкінішке орай, сондай адамдармен де бетпе-бет келгенмін”, – дейді әнші.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс