jasqazaq.kz

“Алтын белгіге” бітіргендер ешқандай жеңілдікке ие болмайды

13 мамыр 2017, 15:16

Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай алынып тасталғанымен, өнер мен спорттың басқа жұлдыздарын биылғы түлектерге білген жөн! Бүгін Білім министрлігі алғаш рет екі кезеңмен өткелі жатқан Ұлттық біріңғай тесттегі өзгерістерді мәлімдеді.

Емтихан мектеп аттестаты мен жоғарғы оқу орындары үшін бөлек-бөлек тапсырылмақ. «Алтын белгі» де биылдан бастап автоматты түрде оқу гранты болудан қалған, деп хабарлайды КТК арнасы. Білім министрлігі тесттің сұрақтарын бастан-аяқ түгендеп, соңғы нұсқасын бекітіпті. Жалпы саны 40 мың сұрақ бар. 287 тапсырма қисынсыз деп алынып тасталған. Арасында, қоғамда қызу талқыланған Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға қатысты да сұрақтар бар. Десе де, өнер мен спорт тақырыбын түлектерге білген абзал. Өйткені, Баян болмаса да, басқалары туралы сұрақтар келіп қалуы мүмкін. Шенеуніктер ода тұрған ештеңе жоқ деген пікірде.

«Өзімізде танымал, сыйлы кісілер туралы, Баян Есентаева, Димаш Құдайбергенов, олар тек қана байқау сынағында. Ал нақты ҰБТ-да ондай сұрақтар болмайды. Ресми сіздерге осындай жауап беремін», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Жалпы биылғы ҰБТ бірінші рет екі кезеңмен өткелі отыр. Мектеп аттестатын алу және жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тест бөлек-бөлек тапсырылады. Әрі біріншісінің қорытындысы, екіншісіне еш қатысы жоқ. Тіпті, мектепті «Алтын белгіге» бітіргендер де биыл жеңілдіктің бәрінен қағылған.

«Бал бірдей болса сол кезде «алтын белгі» өзінің нәтижесін пайдаланып, сол ғана көмектеседі. «Алтын белгі» тек қана мектепте беріледі. Ал грантқа келгенде әрбір бала өзі қаншаға тапсырады сол баллға ғана грант береміз», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Тағы бір өзгеріс колледждерден кейін кешенді тест тапсыратындарға қатысты. Енді олар мектеп бағдарламасын жаттап бас қатырмайды. Тек өз мамандығына қатысты пәндерден сұралмақ.

«Бұл жалпы кәсіптік және нақты мамандыққа қатысты пәндер. Осы екі пәнмен мемлекеттік грантқа өтініш бере алады. Ал егер мамандығын мүлдем ауыстыратын болса, мысалы гумманитарлықтан техникалыққа, онда кәдімгі ҰБТ тапсырады», – дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмет-Зәкі.

Ал ҰБТ-ның ең төменгі межесі сол қалпы өзгеріссіз. Жалпы тестілеудің өзі елімізде 20-шы маусым мен шілденің 2-сі аралығында өтеді. Оған биыл мектеп бітіруші 130 мың түлектің тек 97 мыңы қатысуға өтініш білдірген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде