jasqazaq.kz

Алты түрме жабылады

20 тамыз 2016, 0:11

30cb6fd1ef0ea348aed29df2380c6f76_resize_w_520_h_

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбековтың айтуынша, ағымдағы жылы республика бойынша xалықаралық талаптарға сай сай келмейтін 6 түзеу мекемесі жабылады.
«Расында, Қазақстандағы түзеу мекемелерінің басым бөлігі xалықаралық стандарттарға сай келмейді. Себебі олар бізге сонау ГУЛАГ заманынан мұраға қалған. Ол кезде олар негізінен Қарағанды облысында көп шоғырланды», — дейді А.Базылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, Үкімет пен министрлік түзеу мекемелеріндегі жағдайды жақсарту бойынша тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

«Жөндеу және жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Соңғы үш жылда төрт түзеу мекемесі толықтай жөнделді. Ағымдағы жылы тағы біреуі жөнделеді. Бұл түрмелердің барлығы xалықаралық нормаларға сай келеді және әрбір сотталушыны жеке-жеке орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл сотталушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең бірінші шарт. Сонымен қатар мекемелерді қысқарту, оңтайландыру және оларды жабу бойынша шаралар қабылдануда. Екі жылдың ішінде біз екі мекемені жаптық және ағымдағы жылы тағы алтауын жабамыз», — деп атап өтті А. Базылбеков.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде