jasqazaq.kz

Алты боксшымыз ширек финалда

10 мамыр 2023, 10:20

Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты орта тұсына келді. Елімізден барған 13 боксшының жетеуі жүлдесіз қалып, алтауы ширек финалға өтті.
71 келі салмақта ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов израйльдік Мирослав Капулер-Ищенконы ұтты, Нұрбек Оралбай 80 келіде түрік Каян Айкүнсүнді жеңді. 54 келі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан үндістандық Сачин Сачинді жеңді. 48 келіде Санжар Тәшкенбай, 57 келіде Серік Теміржанов, аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев та ширек финалға шығып әлем біріншілігінің медаліне жақындап келеді. 14 мамырға дейін жалғасатын әлем біріншілігне 104 елден 600-ден аса боксшылар қатысып жатыр. Биылғы әлем чемпионатының жүлде қоры тым қомақты. IBA (халықаралық бокс қауымдастығы) әлем чемпионы атанған боксшыға 200 мың, күміс жүлде иегеріне 100 мың, қола медаль олжалаған боксшыларға 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы үлестіреді. Кеңес Рақышев басқаратын еліміздің бокс федерациясы да әлем чемпионатынан медальмен оралған боксшыларымызға қосымша сыйақы тағайындап отыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі