Алтай Көлгінов Заречный елді мекенін дамыту мәселесін жергілікті тұрғындармен талқылады (Видео)

07 сәуiр 2022, 16:38

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Заречный елді мекенін дамыту мәселесін жергілікті тұрғындармен кездесу барысында талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Аудандарымызды, елді мекендерімізді тұрақты аралап, тұрғындармен кездесіп тұрамыз. Бұл жолы Заречный (Есіл ауданы) елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселе көтерілді: мектеп, балабақша салу және кеңейту, су қысымы, электр қуаты, жолдар мен автобус бағыттары, жылы аялдамалар мен Сергек камералары, гүлзарлар және т.б. Қозғалған проблемаларды жазып алдық, енді оларды іске асыру бойынша жоспар құрамыз.

№45 мектеп бойынша – техникалық сараптама жүргізілген соң күрделі жөндеуден өтеді. Оқушы орнының қажеттілігін ескерер болсақ, бірінші кезекте осы мектептің аумағында жаңа корпус салу мәселесін қарастырамыз. Сол сияқты №56 балабақшаны да күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз.

Сумен жабдықтау да – жүйелі проблема. Осыған дейін айтқанымдай, былтыр біз сорғы-сүзгі станциясы-3 (ССС) құрылысына кірістік. ССС-3-тің алғашқы кезеңі биыл күзде іске қосылады. Ал толығымен 2023 жылы аяқталады. ССС-3 қаланың алдағы уақытта салынатын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қазіргі қуатын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл елді мекенде жеке сектор барын ескерсек, оны газдандырамыз. Осыған дейін Сарыарқа мен Алматы аудандары газдандырылған. Биыл Есіл ауданында газ тарату желілерінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл ауданның және жалпы қаланың өмір сүру сапасы мен экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, бұл елді мекенді жоспарлы түрде дамытатын боламыз. Заречный елді мекенінің тұрғындары көтерген мәселелерді назарымызға алдық, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылады. Осылайша біз барлық аудандарымыз бен елді мекендерімізді тұрақты аралап, жергілікті жерлерде тұрғындардың проблемаларына назар аударамыз. Осының нәтижесінде ең алдымен не істеу керек, қандай мәселелер бойынша жоспар құру қажет және т.б. шешімдер қабылданады. Елді мекендерді дамыту Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Күн райы жылынған уақыттан бастап қала көшелерін жөндеу, аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көгалдандыру және т.б. жұмыстарға кірісеміз», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

06 мамыр, 18:18
Дастан Өмірбаев: Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға артып, еліміздегі ең жоғары өсім қарқынын көрсетті
06 мамыр, 15:52
Түркістан: Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі – күн тәртібінде
06 мамыр, 15:17
Түркістан полициясы оқушылардың қауіпсіздігіне мән береді
06 мамыр, 14:42
Түркістан: Екі ауылда полиция бекеттері ашылды
06 мамыр, 14:25
Түркістан: Арыста кадет сыныбына ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі берілді
02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз