jasqazaq.kz

Алтай Көлгінов: Әсірелей беруге болмайды, фактілерге қарау керек

11 сәуiр 2023, 14:02

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін жаңаөзендік жұмысшылардың талабына қатысты пікірін айтты.
«Мұның бәрі – келіссөз мәселесі. Бәрі заң аясында шешілуі керек. Олар тендерден ұтылған компания қайтадан ұтып шыққанын қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Бәрін заң аясында істеу керек. Тендер талаптары бар, мәселені сот тәртібімен немесе заңды негізде қарау қажет. Жай ғана талап ету – жұмсақтап айтқанның өзінде дұрыс емес. Біздің міндет – оларға қолда бар бос жұмыс орындарын ұсыну. Мемлекеттік органдар қазір солай істеп те жатыр», — деді вице-премьер.
Журналистердің: «Жұмысшылар талабы тендерден ұтылған жұмыс беруші компанияның лоббиі болуы мүмкін бе?» деген сауалына Алтай Көлгінов: «Бұл лобби ме, ол жағын ашып айта алмаймын. Бәрін заң аясында қарау керек. Уәкілетті органдар келіссіөз қорытындысы бойынша ақпарат береді. Мұның бәрін мемлекеттік органдар естіп отыр. Өздерінде бар өкілет аясында ұсыныстарын айтып жатыр», — деп жауап берді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі